Accessibility links

Ирақта 800 мыңдай адам алдын-ала дауыс береді


Ирақта парламент сайлауында 3 күн бұрын алдын-ала дауыс беру басталды. БҰҰ-ның Ирақтағы өкілдігінің мәліметі бойынша, 800 мыңға жуық адам, негізінен сайлау күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін және дауыс беру кеңселерін күзететін қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері алдын-ала дауыс бере алады.

Шетелде тұратын Ирақ азаматтары жұма күні әлемнің 16 еліндегі 80 қаласында дауыс бере алады. Ирақтың 28 млн. халқының шамамен 19 миллионының дауыс беру құқы бар. Ұлттық парламенттегі 325 депутаттық орынға 6.200 үміткер дауысқа түседі.

Ирақтағы парламент сайлауы жексенбі күні өтеді.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG