Accessibility links

Абхазияның тұңғыш президенті дүние салды


Грузиядан өз бетінше тәуелсіздігін жариялаған Абхазияның тұңғыш президенті Владислав Ардзинба ұзаққа созылған сырқаттан 65-қа аяқ басқан шағында Мәскеуде дүние салды.

Оның жесірі Светлана Ардзинбаның айтуынша, ол Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасында бейсенбі күні таңертең көз жұмды. Ардзинба осыдан бірнеше күн бұрын Сухумиден арнайы ұшақпен жеткізілген болатын.

Владислав Ардзинба Абхазияның президенті болып алғаш рет 1994 жылы сайланып, үзіліссіз 2005 жылға дейін басқарды.
XS
SM
MD
LG