Accessibility links

Германияда 4 терроршыл сотталды


Германияның Дюссельдорф қаласындағы сот осы елдегі АҚШ әскерилеріне қарсы қастандық жасауға әзірленген террористік ұйымның мүшелеріне үкім шығарды. Сот айыпталушылар АҚШ-тың әскери базасы мен АҚШ жауынгерлері демалатын орындарында бомбалар жаруды жоспарлады деген тергеудің қорытындысымен келісті.

Бұл қастандықтардың түпкілікті мақсаты Германия үкіметін Ауғанстаннан өз әскерін алып кетуге мәжбүрлеу болған көрінеді.

Сот ислам дінін қабылдаған 2 неміс – 31 жастағы Фриц Геловиц пен 24-тегі Даниель Шнайдерді 12 жыл мерзімдерге, Түркияның екі азаты 11 және 5 жыл түрме жазасына кесті.

Неміс полициясы төртеуін де ұзақ уақыт бақылауда ұстап, жүзеге асырылуға әзір тұрған террорлық қастандықтың алдында 2007 жылы тұтқынға алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG