Accessibility links

Ирақ: сайлау алдында қастандықтар үндей түсті


Парламент сайлауының қарсаңында алдын-ала дауыс беру басталған Ирақ астанасы – Бағдадта бейсенбі күні болған қастандық жарылыстан кем дегенде 7 жауынгер қаза тапты.

Хабарға қарағанда, жанпидашыл 2 содыр Бағдадтың солтүстік-батысындағы мектептерге орналасқан сайлау кеңселеріне жауынгерлер мен полицейлер дауыс беріп жатқан кезде шабуыл жасады.

Оның алдында сайлау кеңсесінің маңында болған қастандықтан 5 кісі көз жұмған болатын.

Көтерілісшілер сайлауға бөгет жасау үшін дауыс берілетін күнге қарай қастандық әрекеттерін үдете түседі деп күтілуде.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, 800 мыңдай адам, негізінен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері алдын-ала дауыс беруге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG