Accessibility links

АҚШ конгресінде армяндардың геноциді туралы қарар қабылданды


АҚШ конгресінде Осман империясында Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп тану туралы қарар қабылданды. Қауымдар палатасының сыртқы істер жөніндегі комитетінің 23 мүшесі құжатты қолдаса, 22 мүшесі қарсы дауыс берді.

Енді қарарды қауымдар палатасының толық құрамы талқылайды.

Бұған дейін президент Барак Обаманың әкімшілігі, геноцид фактісімен келіспейтін Түркияның наразылығын туғызбас үшін, конгресті бұл қарарды қабылдамауға шақырған еді.

АҚШ конгресі қарарды қабылдаған күннің өзінде оның заңдық күші болмайды.
XS
SM
MD
LG