Accessibility links

Қытайда жыл сайынғы парламент мәжілісі басталды


Қытай Халық Республикасында бүгін Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы – жоғарғы заң шығарушы органның жыл сайынғы сессиясы ашылды.

Форумды ашқан ҚХР-ның төрағасы Вэнь Цзябао биыл елдің экономикалық өсімі 8 пайыз болады деп мәлімдеді. Бұл 2009 жылдың нәтижесінен шамамен бір пайызға төмен көрсеткіш.

Қытай парламентінің мәжілісі барысында 2010 жылдың мемлекеттік бюджеті қабылданады.
XS
SM
MD
LG