Accessibility links

Тәжікстанда басқарушы партия парламентте 54 орынға ие болды


28 ақпанда өткен парламент сайлау нәтижесі бойынша президент Эмомали Рахмонның Халықтық-демократиялық партиясы парламенттегі 63 орынның 54-іне ие болды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қалған 9 орынға оппозициялық партиялардың өкілдері отырады.

Бұған дейінгі парламентте басқарушы партияның 52 депутаттық мандаты бар еді.

ЕҚЫҰ Тәжікстанда сайлау өрескел заң бұзушылықтармен өтті деп хабарлады.

Эмомали Рахмон билікте отырған 17 жылдың ішінде халықаралық сарапшылар елде өткізілген сайлаулардың ешқайсысын әділ деп таныған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG