Accessibility links

Браун: Британияның Ирақ соғысын қолдау жөніндегі шешімі дұрыс болды


Британия премьер-министрі Гордон Браунның мәлімдеуінше, 2003 жылы АҚШ-тың Ирақты басып алуын Британияның қолдауы "дұрыс шешім" болған.

"Соғысқа бару туралы шешім қиын болды. Біз дұрыс себептермен дұрыс шешім қабылдадық деп сенемін", - деді Браун жұма күні қоғамдық тергеу комиссиясының алдында сөйлеген сөзінде.

Браун Ирақ соғысын зерттеп жатқан комиссияда есеп беруде. Ол Ирақ соғысы басталған кезде елдің қаржы министрі болған. Куәгерлердің айтуынша, Гордон Браун соғысқа дайындық пен одан кейінгі кезде маңызды роль атқарған.

Аталмыш комиссияның сұрақтарына бұрынғы премьер-министр Тони Блэр де қаңтар айында жауап берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG