Accessibility links

Түркия АҚШ-ты "геноцид" туралы қарарды жоюға шақырды


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігін Осман империиясында Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп таныған қарарды жоюға шақырды.

Бейсенбі күні АҚШ конгресінің сыртқы мәселелер жөніндегі комитеті аталмыш қарарды қолдап дауыс берді. Анкара осыған байланысты алаңдаушылық танытып, Вашингтонмен арадағы байланыстар үзілуі мүмкін деп ескертті. Түркия АҚШ-тағы елшісін шақырып алды.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған бұл қарар сондай-ақ мұсылмандық Түркия мен христиандық Армения арасындағы байланыстарды қалпына келтіру әрекеттеріне теріс әсер етуі мүмкін деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG