Accessibility links

Армения: Әзірбайжанның 3 азаматы өлтірілді


Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, армян күштері үш әзірбайжандық азаматты өлтірген. Бұл азаматтар бейсенбі күні Арменияның солтүстік-шығысындағы Тавуш аймағына кірген қаруланған топтың мүшелері еді делінген министрліктің мәлімдемесінде. Аталмыш топтың қалған мүшелері шекарадан қашып кетті деп хабарланып отыр.

Әзірбайжан жағы қақтығыстың орын алғанын жоққа шығарды. Осы айда екі ел арасындағы шиеленіс өрші түскен болатын.
XS
SM
MD
LG