Accessibility links

Грекия парламенті үкіметтің ұсынысын мақұлдады


Грекия парламенті үкіметтің шығындарды қысқарту жөніндегі ұсынысын мақұлдады. Парламент спикері Филиппос Петсалникостың айтуынша, аталмыш заң жобасы жұма күнгі дауыс берулерде мақұлданған. Ол қанша депутаттың бұл ұсынысты қолдап немесе қарсы дауыс бергендігі жөнінде ешнәрсе айтпады.

Заң жобасына сәйкес, елдің азаматтық қызметіне қатысты шығындар 4.8 миллиард еуроға қысқарады.

Бұл уақытта Афиныдың орталығында полиция қызметкерлері наразылық танытушылармен қақтығысып қалды. Шерушілер Грекия үкіметінің қаржы дағдарысымен күрес іс-шараларына наразылық танытты. Парламент ғимараты жанында жиналған мыңдаған шеруші тас лақтыра бастаған соң полиция оларға көзден жас шығаратын газ пайдаланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG