Accessibility links

Ирақтағы жарылыстан 4 шиит ғибадатшысы қаза тапты


Бүгін Ирақтың Наджаф қаласындағы шийттердің қасиетті орнында болған жарылыстан кемінде 4 адам қаза болып, 50-ден аса кісі жарақат алды. Полицияның айтуынша, құрбан болғандар ирандық ғиабадшылары.

Ирақта жексенбі күні өтетін парламенттік сайлаулар қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілгеніне қарамастан, соңғы күндері террорлық шабуылдар көбейіп кетті.

Осы аптада Бағдад пен Бақубада болған жарылыстардан кем дегенде 45 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG