Accessibility links

Прокурор Мұхтар Жәкішевке 14 жыл беруді сұраған


Мемлекеттік айыптаушы «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке 14 жыл қатаң режимдегі колония жазасын беруді сұраған.

Бұл туралы «Республика» басылымының интернет-порталы хабарлады. Онда Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің мәлімдеуінше, прокурор соттан Жәкішевке 14 жыл түрме жазасын беріп, 7 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраған.

Ал, Жәкішевтің оққағары Талғат Қыстаубаевты прокурор 6 жыл бас бостандығынан айыру керек деген. Адвокат Бейсекеевтің сөзіне қарағанда, прокурор Мұхтар Жәкішевтен ел президентінің қолынан алған "Құрмет" орденін қайтарып алу қажеттігін, Талғат Қыстаубаевты полиция майоры шенінен айыру керектігін алға тартқан.

Наурыздың 9-да Жәкішев пен Қыстаубаевқа қатысты сот отырысы жалғасып, онда адвокат Бейсекеев Мұхтар Жәкішевке тағылған айыптардың негізі жоқ екенін дәлелдеуге тырысатынын айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG