Accessibility links

Ахмадинежад 11-ші қыркүйек шабуылдары қолдан жасалған деді


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Құрама Штаттарға болған 11-ші қыркүйек шабуылдары АҚШ-тың терроризммен күресін ақтау үшін әдейі жасалған деді.

Иранның ИРНА ақпарат агенттігі сенбі күні Ахмадинежадтың елдің барлау қызметкерлерімен кездесуінде айтқан бұл сөздеріне сілтеме жасады.

Иран президентінің айтуынша, 11-ші қыркүйек оқиғасы барлау қызметінің сценариімен терроризмге қарсы науқанды бастап, Ауғанстанға басып кіру үшін қолдан жасалған шаралар болды. Бірақ Ахмадинежад оған қатысты егжей-тегжейлі мәлімет айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG