Accessibility links

Ирақтықтар парламент сайлауына қатысуда


Бүгін Ирақта жаңа парламентке дауыс берулер өтіп жатыр. Бұл Саддам Хуссейн билігі құлаған 2003 жылдан бергі екінші парламенттік сайлаулар.

Дауыс беруге 80 саяси партиядан 6,200-ден аса кандидат түсіп отыр. Олар парламенттік өкілдер кеңесіндегі 325 орын үшін бақ сынасуда. Сайлауға дауыс беру құқы бар 19 миллион адам қатыса алады.

Ақпарат агенттіктерінің Ирақтың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Бағдадта сайлау учаскелері ашылғаннан бері болған бомба жарылыстарынан 12 адам қаза тауып, сегіз кісі жараланған.

Елдегі қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге АҚШ жасақтарының қолдауымен мыңдаған ирақтық күштер мен полиция тартылған.

Ирақтық тұрғындар сайлауда Хуссейн режимі құлағаннан бері билікте үстемдік құрып отырған шийттердің исламшыл партиясы мен басқа да зайырлы ұстанымы бар партиялар арасында өз таңдауларын жасауда.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG