Accessibility links

Қытай Иранға санкциялар салуға қарсы


Қытайдың сыртқы істер министрі Иранға жаңа санкциялар салу бұл елдің ядролық бағдарламасының проблемасын толығымен шешпейді деді.

Министр Ян Цзечидің жексенбі күнгі баспасөз мәслихатында айтуынша, біраз қиындықтарға қарамастан, Бейжің бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешудің мүмкіндіктері әлі бар деп есептейді.

Вашингтон мен басқа да батыстық елдер Қытайдың БҰҰ-ның Теһранға қарсы жаңа санкциялар енгізу жөніндегі қарарын мақұлдағанын қалайды. Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деген қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG