Accessibility links

Чили зілзала құрбандарын аза тұтуда


Жексенбіден бастап үш күн бойы Чили елінде қуатты жерсілкінісінен қаза тапқандарды аза тұту шаралары өтеді.

Ақпанның 27-де Чилиде рихтер бағамы бойынша 8,8 балл күшінде болған зілзала мен цунамиден үйлері қираған жүзмыңдаған адам далада қалды.

Ресми деректерге қарағанда, табиғат апатынан құрбан болғандар саны 452 болды. Зілзала зардабын елдің 2 миллионнан аса халқы тартып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG