Accessibility links

Карзай хабарламастан Маржаға сапармен барды


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай алдын-ала айтпастан елдің оңтүстігіндегі талибандарға қарсы одақтас күштердің әскери операциялары жүргізілген Маржа қаласына сапармен барды.

Хельманд провинциясы басшысының өкілі Давуд Ахмадидің айтуынша, президент Карзай талибандар бақылауынан алынған қалаға барған.

Бұларада талибандар өкілі Қари Мохаммад Юсуф телефон арқылы хабарлағанында, өздерінің жасақтары Карзай бастаған делегацияға зымыраннан оқ атқанын айтты. НАТО ресмилері Маржа қаласында зымыран соққысы болғанын растап, бірақ одан ешкім зардап шекпеді деді.
XS
SM
MD
LG