Accessibility links

Иран президенті Ауғанстанға сапармен барады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад дүйсенбі күні көрші Ауғанстанға сапармен барып, ауғандық әріптесі Хамид Карзаймен келіссөздер өткізеді.

Ирандық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Ахмадинежадтың Кабулға бір күндік сапары бұл екі президент те өткен жылы қайта сайланған соң болайын деп отыр.

Карзай екі жақты қарым қатынастарды талқылау үшін Иран президентін еліне шақырған. Олар сондай-ақ Ауғанстандағы проблемаларды шешу жолдарын талқылайтын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG