Accessibility links

НАТО: Мұсылман елдер Ауғанстанға көмектесуі керек


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен жексенбі күні мұсылман елдері Ауғанстанға қарайласуы керек, өйткені олардың мәдениеті мен діни құндылықтары ұқсас деді.

Бұл туралы пікірін Амманда білдірген Расмуссен Иорданияның ауғандық жасақтарды жаттығудан өткізіп жатқанын мадақтады. НАТО бас хатшысы альянс күштері Ауғанстанда елдің қауіпсіздігі күшейгенше қала береді деген.

Бұл Расмуссеннің Иорданияға алғашқы сапары. Ол Иордания патшасы Абдулла II-мен және басқа да жетекші ресмилермен кездесті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG