Accessibility links

НАТО басшысы Ирақтағы сайлауды мадақтады


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ирақтағы парламенттік сайлауларды толық демократиялық ел құру бағытындағы "маңызды жетістік" деп мадақтады.

Жексенбі күні Ирақта миллиондаған адам сайлау беру учаскелеріне барып, дауыстарын берді. Дәл сол күні елде орын алған шабуылдардан 38 адам құрбан болды.

Елдің сайлау комиссиясы парламенттік сайлаулардың бастапқы қорытындысы бірнеше күннің ішінде жарияланады деп хабарлады. Парламенттегі 325 орынға қол жеткізу үшін сайлауға шамамен 6200 үміткер түсті.

АҚШ президенті Барак Обама сайлауды ирақтықтар үшін маңызды оқиға болды деп атап көрсетіп, американдық күштерді Ирақтан 2011 жылдың аяғына дейін шығару жөніндегі жоспарын растады.

Еуропа Одағы да Ирақтағы дауыс берулерді мадақтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG