Accessibility links

Саркози әлемді атом энергиясын дамытуға шақырды


Франция президенті Николя Саркозидің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдар атом энергиясының әскери емес түрде пайдаланылуын қаржылардыруды бастауы тиіс. Бұл туралы Саркози дүйсенбі күні Парижде ашылған екікүндік конференцияда мәлімдеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырып отырған бұл жиынға 65 елдің өкілдері қатысуда.

Саркозидің айтуынша, әскери емес ядролық энергияны жауапкершілікпен дамыту ғаламдық ауа-райының жылынуымен күрес үшін өте маңызды боп табылады. Франция ядролық энергетика технологиясын алға тартуға бағытталған институт құрады деді Николя Саркози.

Электр қуатын шығаратын 58 ядролық реакторы бар Франция ядролық технологияны экспортқа шығаруды экономикалық мақсаттарының бірі етіп отыр.
XS
SM
MD
LG