Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанға барды


Кабулға сапармен барған АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс алдағы күндері Талибанмен күресте бірқатар қиындықтар болады деп ескертті. Журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Гейтс сондай-ақ исламшыл бүлікшілермен арадағы соғыста қол жеткізген жетістіктерді, оның ішінде Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде жүргізіліп жатқан операцияны да атап өтті. Бірақ ол алда әлі өте күрделі қақтығыстар күтіп тұр деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Гейтс егер Иран АҚШ-тың Ауғанстандағы әрекеттеріне агрессивті түрде кедергі жасауға тырысса, Вашингтон жауап қайтарады деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG