Accessibility links

Иран президенті Ауғанстанға сапарын кейінге қалдырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ауғанстанға сапарын кейінге қалдырды. "Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауған президенті Хамид Карзайдың баспасөз хатшысы Ахмадинежад Кабулға бірнеше күннен кейін келетін болды деген. Президенттің баспасөз хатшысы Сиямак Херави сондай-ақ Ахмадинежадпен бірге Ауғанстанға Иранның жоғары дәрежелі саяси және экономикалық делегациясы келеді деген. Бірақ ол сапардың нақты қайсы күні болатындығын айтпады.

Жексенбі күні Ахмадинежад наурыздың 8-де президент Хамид Карзаймен кездеседі деп хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG