Accessibility links

Ауған полициясы екі қарулы адамды өлтірді


Хост өлкесіндегі операцияда Ауған полициясы АҚШ күштерінің көмегімен екі қарулы адамды өлтірді. Провинция әкімі Тахер Хан Саберидің мәлімдеуінше, дүйсенбі күнгі атыстан тек шабуылдаушылар ғана қаза тапқан, сондай-ақ бір полиция қызметкері мен бір сарбаз жараланған. Оның алдында әлгі қарулы адамдар бомбаны жарып, полиция бекетіне жақын жердегі бір ғимаратты басып алды деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG