Accessibility links

Түркиядағы жер сілкінісінен 57 адам қаза тапты


Бүгін Түркияда зілзала құрбандарын жерлеу рәсімі басталады. Қаза тапқандардың тізімінде 57 адам бар, ал 70-тен астам адам жараланды деп хабарланды.

Магнитудасы 6,2 балл алғашқы жер асты дүмпулері кеше таңертең Анкарадан шығысқа қарай бес жүз шақырымда тіркелген. Бірнеше минуттың ішінде алты ауыл қирап, жүздеген үй құлады. Әлсіз жер асты дүмпулері кеше күні бойы жалғасты.
XS
SM
MD
LG