Accessibility links

Британдық әртіс Винни Джонс Алматыға келді


Британдық әртіс Винни Джонс қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильміне түсу үшін Алматыға келді.

Актер мылқау киллердің ролін сомдайтын болады. Картинаның үлкен экранға шығуы 2010 жылдың аяғына жоспарланып отыр.

Винни Джонстың айтуынша, «Дәл қанышерлер мен қылмыскерлердің ролі билет сатылымын ұлғайтады».

«Мен «Ликвидатордың» сценариін оқып шықтым, маған ұнады. «Рэкетир» фильмін көріп шыққан соң режиссер (Ақан Сатаев) Гай Риччидің мәнерінде түсіретіндін байқадым», - деді актер Алматыдағы баспасөз маслихатында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG