Accessibility links

Иран 17 ақпарат құралына ескерту жасады


Иранның ақпарат құралдарын бақылайтын мекемесі заңды бұзып отыр деп 17 басылымға ескерту жасаған. Өсек-аяң әңгемелерді жариялады деп айыпталған басылымдардың ішінде реформашыл Бахар газеті де бар.

Сейсенбі күнгі бұл ескертулер жайында Иранның “Мехр” ақпарат агенттігі хабарланған. Иран Ислам республикасы ақпарат құралдарын соңғы айларда қатаң бақылауға алып келеді.

Ел билігі президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланғаннан бері орын алған үкіметке қарсы шерулерден кейін бірқатар реформашыл басылымды жауып тастады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG