Accessibility links

Түркиядағы Украина консулдығында бір адамға оқ атылды


Стамбулдағы Украина консулдығының қауіпсіздік сақшылары бомба жарамын деген адамға оқ атып, жаралады.

Стамбул басшысы Муаммер Гюлердің айтуынша, ол түрік азаматы өзінің Украинадағы әйеліне қатысты жеке мәселесімен консулдық ғимаратына енбек болған. Атылған оқтан жараланған ол адам ауруханаға жатқызылған.

Полиция істі тергеуге алған. Хабарларға қарағанда, 29 жастағы ол түрік азаматы Украинадан шығарылған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG