Accessibility links

Жәкішев сот отырысында өзінің уәждерін келтірді


Сейсенбі күні өткен сот отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өзінің айғақ-уәждері арқылы мемлекеттік айыптаушы келтірген мәліметтерді теріске шығарды.

Осы отырыста айыптаушы тарап Жәкішев «Қазатомпром» компаниясын басқарған кезде 2003-2007 жылдары компанияның Венада өкілдігін ашу сылтауымен мемлекеттің 100 миллиондай теңге қаржысын иемденіп кеткен деген айып тағып отыр.

Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев оның соттағы айтқандарының бәрін жарияламауды дұрыс санайтындығын білдірген. Өйткені оның айтуынша, прокуратура бұл сот ісі ақпарат құралдары арқылы саясатқа айналып кеткен деген мәлімдеме жасады. Ал адвокаттың пікірінше бұл істің саясатқа айналуына прокуратураның өзі себепкер болып отыр, оған дәйек прокуратура айыптаулардың ішінде Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің есімі бар екендігін хабарлаған еді дейді адвокат.
XS
SM
MD
LG