Accessibility links

Жаңаөзен ереуілін заңсыз деп тану жөнінде сотқа арыз түсірілген


«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп табу жөнінде сотқа талап арыз түсірді деп компанияның баспасөз қызметі хабарлағаны жөнінде сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігі хабар таратты. Бірақ онда арыздың нақты қай сотқа берілгені турасында айтылмаған.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының деректері бойынша, 4-8 наурыз аралығында «Өзенмұнайгаздың» 1,5 -3 мыңға дейінгі жұмысшысы жұмысқа шықпаған. Ал кәсіпорынның инженер-техникалық және кезекші қызметкерлері жұмыс орындарында өнім өндіру процесінің тоқтамауын қамтамасыз етіп жатыр деп жазылған баспасөз баянында.

Сейсенбі күні де жалғасқан жұмысшылардың наразылығына жалақының жаңа жүйемен төленетіні туралы филиал басшылығының хабарламасы себеп болды.

Азаттық радиосының Атыраудағы тілшісінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, 21 адам әкімшілік сотқа шақырылған. Оларға рұқсат етілмеген митингке шықты, заңсыз жиын ұйымдастырды деген айып тағылып, әкімшілік жазаға тартпақшы деген "Өзенмұнайгаздың" жұмысшылары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG