Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрінің соты кейінге қалды


Қырғызстанның сыртқы істер министрі болған Әлікбек Жексенкуловтың соты бір күнге кейінге қалды. Оған қызметте болған 2005-2007 жылдары қаржылық заңбұзушылықтарға барған деген айып тағылған. Жексенкулов өзіне тағылған айыпты мойындамай, сот ісін өзінің оппозициялық әрекеттері үшін кек қайтаруы деп атады.

Сейсенбі күні өтуі керек болған сотта Жексенкуловтің уәждері тыңдалуы керек болған. Прокурор оған 4 жыл түрме жазасын беруді сұраған.

Әлікбек Жексенкулов Әділет үшін қозғалысының жетекшісі. Осыған дейін ол 2009 жылдың наурызында түрік кәсіпкерін өлтірді деген айыппен қамауға алынып, кейін ол айып алынған соң тергеу аяқталғанша үйқамаққа жабылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG