Accessibility links

5 әйелді тірідей көмген 4 пәкістандық өмірлік түрме жазасын алды


Бүгін Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясының соты бес әйелді тірідей жерлеген пәкістандық 4 ер адамға өмірлік түрме жазасын берді. Бұл туралы Азаттықтың Машаал қызметі хабарлады.

Бұл іске қатысты тағы бір айыпталушы алты айға түрмеге жабылып, қалған 16-сы ақталып шыққан.

2008 жылдың тамызында Пәкістанның Жафарабад ауданындағы әйелдердің өлімі халықаралық назарды аударған оқиға болды. Пәкістандық және халықаралық адам құқын қорғаушы топтар құрбан болғандар үшін істің әділ өтуін талап еткен бірнеше шеру өткізген.

Пәкістан әйелдері үшін "ар-ождан өлімі" деген жазалаулар осыған дейін де болған. Бірақ бұл жолы зинақорлық жасады деген айыппен өлтірілген әйелдер тірідей көмілген.
XS
SM
MD
LG