Accessibility links

Ирландияда швед карикатурашысын өлтіргісі келген деп 7 күдікті ұсталды


Ирландияда швед карикатурашысы Ларс Вилксті өлтіргісі келген деген күдікпен жеті кісі ұсталды. Вилкс Мұхаммед пайғамбарды итке ұқсатып бейнелеуі арқылы танымал болды.

Ирландия полициясының хабарлауынша, осы іс бойынша төрт ер және үш әйел ұсталған. Хабарларға қарағанда, олар Марокко және Йемен азаматтары. Тергеуге еуропалық қауіпсіздік қызметі және АҚШ-тың федералдық барлау бюросы қатысты.

Өткен жыылы қыркүйекте «Әл-Қаидамен» қатысы бар ирак экстремистік тобының басшысы карикатурашының басына 100 мың доллар тіккендігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG