Accessibility links

Жәкішев ісі бойынша сот үкімі 15-ші наурызға белгіленді


«Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның күзетшісі Талғат Қыстаубаевқа қарсы қылмыстық іс бойынша сот үкімі 15-ші наурызда шығарылады. Бұл туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев хабарлады.

Астанасы қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында сейсенбі күні тараптардың жарыссөздері аяқталды. Прокурор Жәкішевке 14 жыл, Қыстаубаевқа 6 жыл түрме жазасын беруді сұрады. Айыпталушылардың адвокаттары бұл істің қылмыстық құрамы жоқ деп мәлімдеді.

Жәкішевке Венада «Қазатомпром» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапқан, астыртын касса ұстаған, күзетшісі Қыстаубаевқа екінші еңбекақы төлеп келген деген айыптар тағылғандығы хабарланған еді.

«Қазатомпром» ісі бойынша сот процесі 2009 жылы 22 желтоқсанда басталды. Істегі екі айыпталушы – Жәкішев пен Қыстаубаев 2009 жылы мамырда ұсталғалы бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG