Accessibility links

Қаржы полициясы: Әблязовтың мәлімдемелері бойынша тексеру сәуірде аяқталады


БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясы активтері келісімдерінің заңсыздығына қатысты мәлімдемелері туралы тергеу қарсаңындағы тексерулер 2-сәуірде аяқталады. Бұл туралы сәрсенбі күні Астанаға қаржы полициясының ресми өкілі хабарлады.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, «Мұхтар Әблязовтың «Қазмұнайгаз» АҚ және СНПС «Ақтөбе-Мұнайгаз» компаниялары аквивтеріне қатысты келісімдердің заңсыздығы туралы мәлімдемелерін агенттік заң тәртібі бойынша тіркеді және ол бойынша қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес тексерулер жүргізіліп жатыр».

Сонымен бірге Жұманбай қаржы полициясы 8-ші наурызда Әблязовтан осы іске қатысты жаңа материалдар алды деп хабарлады.

Мұхтар Әблязов өзінің жариялаған материалдарында "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевты жемқорлық іс-әрекеттер үшін айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG