Accessibility links

Жаңаөзен соты ереуілге шыққан жұмысшыларға да, жұмыс берушіге де ескерту жасады


Наурыздың 10-күні Жаңаөзен қалалық соты бір жұмадан бері ереуілдеп жатқан «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларына қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа бүгін «Жөндеу» ЖШС жұмысшыларының кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев хабарлады.

Сот жұмысшылардың наразылығы заңсыз деп танып, оларға жалпы сомасы 707 теңгенің сот шығынын төлеуді міндеттеген. Бұған қоса, сот «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамы кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын бұзғаны жөнінде ескерту жасап анықтама шығарды деді Ықылас Шаңгереев.
XS
SM
MD
LG