Accessibility links

Армения президентінің Францияға сапары жалғасуда


Армения президенті Серж Саркисян бүгін Франция президентімен келіссөз өткізеді деп күтілуде. Олар екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен бірқатар халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылайды деп хабарланып отыр.

Франция Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобын басқарушылардың бірі. Аталмыш топ Армения мен Әзірбайжан арасында 20 жылдан астам уақытқа созылған Таулы Қарабах қақтығысының бейбіт жолмен шешуді көздеп, бұл мәселеде арағайындық жасауда.
XS
SM
MD
LG