Accessibility links

Ресейде поезд жарылысына қатысы бар деп күдіктелгендер ұсталды


Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері қараша айындағы поезд жарылысына қатысы бар деп күдіктелген 10 адамды қамауға алған. Олар өткен аптада Ингушетиядағы екікүндік рейд барысында тұтқындалған. Аталмыш операция барысында кемінде 6 бүлікшінің көзі жойылды, олардың ішінде Саид Бурятский деп танылып кеткен бүлікшілердің жетекшісі Александр Тихомиров деген азамат бар еді деп хабарланып отыр.

Федералды қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, 26 адамның өмірін қиған "Невский Экспресс" жарылысына Тихомировтың тобының қатысы бар екеніне дәлелдер бар.

Қараша айындағы бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті шешен бүлікшілері өз мойнына алған болатын.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG