Accessibility links

АҚШ генералы қырғыз президентімен кездесті


АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус бүгін Бішкекте Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевпен кездесті. Президент кеңсесінің хабарлауынша, Қырғызстан халықаралық қауымдастықпен бірге Ауғанстанды қайта құруға көмектесуін жалғастырады.

Генерал Петреустің Қырғызстанға сапары алдында АҚШ Баткенде лаңкестікке қарсы жаттығулар орталығын құруды жоспарлап отырғандығын жариялады.

АҚШ пен Ресейдің Қырғызстанда әскери әуе базалары бар.
XS
SM
MD
LG