Accessibility links

Тәжік соты тыйым салынған исламшыл топтың мүшелерін түрмеге жапты


Тәжікстанның жоғарғы соты тыйым салынған исламшыл ұйымға мүше болған ондаған адамды бас бостандықтарынан айырды. "Жамаат әл-Таблиғ" тобының 23 мүшесі үш жылдан алты жылға дейін түрмеге жабылса, қалған 33 азаматқа 16 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.

Ресмилердің айтуынша, әлгі азаматтарға қатысты сот қауіпсіздік себептеріне байланысты Душанбедегі абақтылардың бірінде өткен.

2006 жылы Тәжікстан билігі "Жамаат әл-Таблиғті" экстремистік топ деп таныды. Оның мүшелері болса саяси емес қозғалысымыз зорлық-зомбылықты қолдамайды деп отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG