Accessibility links

Швед басылымдары Мұхаммед пайғамбарға салынған карикатураны қайта жариялады


Ирланияда швед суретші-карикатуристі Ларс Вилксті қастандықпен өлтірмек болғандар әшкереленгеннен кейін, швед газеттері Мұхаммед пайғамбарға салынған карикатураны жариялады. Шведтің Dagens Nyheter, Expressen және Sydsvenska Dagbladet басылымдары сәрсенбі күні кешке, осыдан үш жыл бұрынғы Мұхаммед пайғамбарды иттің денесімен бейнелейтін карикатураны қайта басып шығарды.

Вилкстің карикатуралары алғаш 2007 жылы шведтің Nerikes Allehanda басылымында жарық көрген болатын. Жарияланым ислам әлемі елдерінің наразылығын тудырып, әл-Каида террористік ұйымы Вилкс пен Nerikes Allehanda газетінің редакторы Ульф Йоханссонды өлтірген адамға 150 мың доллар сыйақы тағайындаған-ды.

Қазіргі таңда экстремистер тарапынан қауіп төніп тұрған «карикатура дауына» қалған екі адамды Швецияның құқық органдары қорғауға алған.
XS
SM
MD
LG