Accessibility links

Бес қазақстандық Forbes журналының тізіміне енді


Қазақстанның бес азаматы Forbes журналы жариялайтын әлемнің ең бай адамдарының тізіміне қайта еніп отыр.

Ұлыбритания азаматы болғанына қарамастан, Қазақстанға тікелей қатысы бар ArcelorMittal компаниясының басшысы Лакшми Миттал 28,7 миллиард доллар қаржысымен тізімде 5 орында тұр.

«Қазақмыс» басшысы Владимир Ким ең бай қазақстандық деп аталған. 3,7 миллиард доллар қаржысы бар ол әлемдік рейтінгте 247 орында.
287 орында 3,3 миллиард доллар қаржысы бар, Еуразиялық өнәркісіптік ассоциациясы басшылыраның бірі Әліжан Ибрагимов тұр.
Онымен бірге дәл осы орында компанияның екінші басшысы, Бельгия азаматы – Патох Шодиев (3,3 миллиард доллар) пен Израиль азаматы Александр Машкевич (3,3 миллиард доллар) орналасқан.

«Казкоммерцбанк» директорлар кеңесінің басшысы Нұржан Сұбханбердин (1,1 миллиард доллар) 880 орынан көрінді. Ерлі-зайыпты - Тимур және Динара Құлыбаевтар да 1,1 миллиард доллар қаржысымен Сұбханбердинмен 880 орынды бөлісіп тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG