Accessibility links

Алматы облысында жолаушы пойыздары тоқтатылды


Алматы облысында темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты жолаушы пойыздары тоқтатылды деп хабарлайды Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, "2010 жылғы 11 наурыздың 2 сағат 47 минутынан бастап Алматы жол бөлімшесінің Сарыөзек - Үштөбе учаскесінде темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты пойыздар тоқтатылған".

Баспасөз қызметі "Кіші Бiжi арнасы мен Кіші және Үлкен Бiжi өзендерінің қосылған жеріндегі су деңгейінің бөгеттен асып кетуіне байланысты темір жол бойындағы ұзақтығы 10-15 метрдей жер төсемінің табанын су басып кеткен.

Сол себепті, №22 Қызылорда - Семей, №325 Новосибирск - Алматы, №21 Семей - Қызылорда, № 31 Павлодар - Алматы жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды. Қазірге кезде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде" деп хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG