Accessibility links

Бірқатар ел Израильдің жоспарына қарсы шықты


Бірқатар мемлекет Шығыс Иерусалимнің еврейлер тұратын кварталдарында Израильдің 1.600 жаңа тұрғын үй салу жоспарына қарсылық білдірді.

Түркияның сыртқы саясат мекемесі атап көрсеткендей, бұл жоспар Израильдің таяу шығыс аймағына тыныштық орнату ниетіне күмән келтіреді.

Ресей Израильдің іс-әрекеті Тая Шығыста бейбітшілік орнатудың барша ел мойындаған халықаралық құқықтық негізіне қайшы келетінін атап көрсетіп, бұл жоспарға сын айтты.

Одан бұрын АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден жаңа тұрғын үйлердің құрылысы Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт диалогты жалғастыру кезіндегі бір-біріне деген сенімге қатер төндіретінін мәлімдеді.

Осы жоспарды жариялау Джо Байденның сапарымен қатар келіп отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG