Accessibility links

Х.Карзай Исламабадта сапарда жүр


Бейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзай ауған еліне ықпал ету үшін Үндістан мен Пәкістанның және Иран мен АҚШ-тың арасындағы күрес-тартыстың сахнасына айналғысы келмейді деп мәлімдеді. Оған себеп: осы аптада ресми Теһран мен Вашингтон Ауғанстанда «екіұшты саясат жүргізеді» деп бір-бірін айыптаған болатын.

Исламабадта сөйлеген сөзінде Х.Қарзай Талибан қозғалысымен бейбіт келіссөз жүргізу барысында Пәкістанның «маңызы рөл» ойнайтын орны барлығын мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Талибан күштерімен арадағы келіссөзді жалғастыруға күш салды және сәуір айында Ауғанстанда бейбіт конференция өткізуді жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG