Accessibility links

Әлем: миллиардерлер 1011-ге жетті, үшеуі - қазақ


Қазақстанның 5 азаматы Forbes журналы жариялайтын әлемнің ең бай адамдарының тізіміне қайта еніп отыр.

Британ азаматы болса да, Қазақстанға тікелей қатысы бар ArcelorMittal болат компаниясының иесі Лакшми Миттал 28,7 миллиард доллар қаржысымен тізімде 5 орында тұр.

«Қазақмыстың» иесі саналатын Владимир Ким ең бай қазақстандық деп көрсетіліп, 3,7 миллиард доллар байлығымен әлемдік рейтінгте 247 орында.

3,3 миллиард доллардан қаржысы бар, Еуразиялық өнәркісіп ассоциациясының басшылары Әлиджан Ибраһимов, Бельгия азаматы – Патох Шодиев пен Израиль азаматы Александр Машкевич - 287 орында орналасыпты.

«ҚазКоммерцбанк» банкінің директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердин 1,1 миллиард долларымен, президент Н.Назарбаевтың екінші қызы мен екінші күйеу баласы - ерлі-зайыпты Динара мен Темір Құлыбаевтар да 1,1 миллиард доллар қаржысымен Сұбханбердинмен – 880-інші орынды бөлісіпті.
XS
SM
MD
LG