Accessibility links

Лондон: Босния-Герцоговинаның экс-президенті босатылды


Ұлыбританияның соты Босния мен Герцоговинаның бұрынғы президенті Эюп Ганичті кепілдік ақшаға еркіндікке шығару туралы шешім қабылдады. Ганич - Сербия үкіметінің сұрауы бойынша наурыз айының басында Лондонда ұсталған болатын.

Баспасөздің хабарларына қарағанда, Эюп Ганичтің түрме қабырғасынан тыс жүріс-тұрысына өте қатаң шектеу қойылды. Мысалға, ол түн уақытында көшеге шыға алмайды және әрбір басқан қадамын полицияға хабарлап отыруға міндетті.

Ресми Белград Э.Ганичті 1992 жылы Боснияда Югославияның халық армиясының 40 жауынгерін қыруға қатысы бар деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG