Accessibility links

Мадрид босниялық қылмыскерді өзі соттайды


Таяуда Испанияда тұтқындалған «Грбовицаның монстры» деген лақап атымен белгілі Веселин Влаховичті испан үкіметі таяу уақытта Сараевоға бермейді. Оған Босниядағы соғыс кезінде соғыс қылмыстарын істеді деген айыптар тағылған.

Испанияның ішкі істер министрі Альфредо Перес Рубалькаба мәлімдегендей, Влахович Испанияда сотталады. Министрдің айтуынша, Балкандағы соғыс жылдарында Сараевода жүздеген кісі өлтірген Влахович Испанияның өзінде де қылмыс істеп үлгерген.

Күдік бойынша, ол Аликанте өлкесінде пәтер тонаумен және кісі азаптаумен әуестенген.

Веселин Влаховичті Босниядан басқа тағы 3 мемлекет ұстап беруді талап етуде.
XS
SM
MD
LG