Accessibility links

Киев: Н.Азаров Ю.Тимошенконың кемшіліктерін түзейді


Украина парламенті – Жоғарғы Рада – жаңа премьер-министр етіп Николай Азаров пен оның үкіметін мақұлдады. Дауыс берудің алдында Николай Азаров «алдыңғы үкіметтен қалған қаржы проблемаларын жоюға» міндеттенді.

Бұрынғы қаржы министрі әрі таяуда президент болып сайланған Виктор Януковичтің одақтасы болып табылатын Н.Азаровты премьер-министр лауазымына парламентті құрылған жаңа парламенттік коалиция ұсынды.

Жоғарғы Рада, сонымен қатар, Федор Ярошенконы қаржы министрі, Василь Цушконы экономика министрі етіп бекітті.

Украина парламенті президент сайлауының 7 ақпан күні болып өткен соңғы турында жеңіліс тапқан бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко мен оның үкіметіне өткен аптада сенімсіздік білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG